Текст
Ақмола облысының прокуратурасы балалар қауіпсіздігі аясында «URPAQ/ПОКОЛЕНИЕ» жобасын жүзеге асыруда.
Балаларға қатыгездік, қорқыту және басқа да құқық бұзушылықтар фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ консультативтік және психологиялық көмек көрсету мақсатында облыс прокуратурасы «URPAQ /ПОКОЛЕНИЕ» телеграм-ботын құрды.
Телеграм-ботқа мектеп оқушылары, балалардың ата-аналары және заңсыз әрекеттердің куәгері болған кез келген азамат жүгіне алады.
Хабарламалар мәтіндік хабарлама немесе фото-бейнематериалдар жолдауымен, жеке және анонимді түрде қаралады.
Ботқа сілтеме:https://t.me/BALA_QUTQARU_BOT