Текст
Республика күнін мерекелеу қарсаңында, 21 қазанда «Ковыльный ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-де мектеп парламентінің Президентін сайлау өтті. Дауыс беруге
6-11 сынып оқушылары қатысты. Сайлау комиссиясы әр түрлі сынып оқушыларының ішінен сайлаушылар тарапынан бұзушылықтарға жол бермей, дауыс беру барысын қадағалады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін СК мүшелері қорытынды жасады. Ұсынылған 5 үміткердің ішінен 11 сынып оқушысы Степаненко Кирилл ең көп дауыс алды. Дауыс беруде жеңіске жеткенге дейін МП президенті лауазымына үміткер, 11-сынып оқушысы Хлебникова Екатеринаға 4 дауыс жетпеді. Степаненко Кириллді жеңісімен құттықтаймыз және оған мектеп парламентінің президенті қызметінде жемісті жұмыс тілейміз!