Текст
Есірткіні теріс пайдаланумен және олардың заңсыз айналымымен күресудің халықаралық күні немесе Дүниежүзілік есірткіге қарсы күрес күні жыл сайын 26 маусымда есірткіні теріс пайдаланудан азат әлемге қол жеткізудегі іс-қимылдар мен ынтымақтастықты жандандыру мақсатында атап өтіледі. Осы күн қарсаңында Жазғы сауықтыру алаңының жұмысы аясында "Біз нашақорлыққа қарсы" челленджі өткізілді.