Текст
2024 жылдың 29 наурызында 1-4 сынып оқушылары арасында «Аспаздық жәрмеңке» іс-шарасы өтті. Іс-шара барысында балалар пайдалы және зиянды тағамдар туралы білді, жұмбақтар тапты, көздерін байлап суреттер салды, сөздерді (әріп бойынша) тауып, музыка тыңдады. Нәтижесінде оқушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.