«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Ақмола облысы Есіл аудандық білім беру Ковыльный орта мектебі» КММ мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі жөніндегі 2020 жылғы қызметі туралы есеп

1. Жалпы жағдай
Баршаға жоғары сапалы мемлекеттік қызметке ашықтық және бірдей қол жетімділік Елбасымен мемлекеттік басқару органдарына қойған басты міндеттердің бірі болып табылады.
«Орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру мен ұсыну қағидаларын және оның үлгі нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 25 маусымдағы № 193 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 Қаулысымен Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес  2019 жылы «Ковыльный орта мектебі» КММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) мемлекеттік қызметтің 6 түрін көрсетті. Мемлекеттік қызметтерін көрсететін мекемелер:
«Ковыльный орта мектебі» КММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) «Бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызмет алу қолжетімділігі үшін аймақта «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Ақмола облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Есіл аудандық бөлімі (Мемлекеттік корпорация) жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметті алу үдерісін жеңілдету үшін мемлекеттік корпорациясы «Connection Point» өзіне өзі қызмет көрсету секторы жұмыс істейді, ол арқылы әр клиент электрондық қызметті өзі немесе мемлекеттік корпорациясының  қызметкерінің көмегімен ала алады. 2020 жылы атқарушы органдармен 25 мемлекеттік қызмет көрсетілді  12 (57 %) мемлекеттік қызмет қағаз түрде мемлекеттік органдармен көрсетілген,  9 (43 %) мемлекеттік қызмет халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы мемлекеттік органдармен көрсетілген, «электрондық үкімет» порталы арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілген, 0 (0 %) «Мектепке дейінгі ұйымдарға бағыттау үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа дейнгі) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет бойыншы электрондық жүйе.  .
Бекітілген мемлекеттік қызмет стандарттарына сәйкес ақысыз негізде 6, ақылы - 0 қызмет түрі көрсетілді. 

2. Қызмет алушылармен жүргізілген жұмыс.
«Ковыльный орта мектебі» КММ (оның ішінде ведомстволық бағынысты мекемелер) мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері қызмет алушылар үшін қолжетімді жерде ақпараттық стендте орналастырылған.
Халыққа қызмет көрсетуге жағдай жасау бойынша шаралар қабылдануда. 2020 ж қызмет көрсету саласындағы есепті талқылау жөніндегі кездесулерін өткізу барысында мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызмет туралы ұсыныстар мен ескертулер түскен жоқ. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіру жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарлату, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігі, қамтамассызы,  қызмет алушылардың өтініштерін белгіленген мерзімде қарастыру,мемлекеттік қызмет көрсету саласында мамандардың біліктілігін арттыру, құқықтарының бұзылуына , қызмет алушылардың бостандықтары мен заңды қызығушылығына жол бермеу,  қызметті көрсету  бойынша оңтайландыру және автоматтандыру процестеріне шаралар қабылдау.  

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау. 

Ай сайын мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жасау бойынша жұмыстар жүргізіледі. 
2020 жылы мемлекеттік органдармен, мемлекеттік корпорациясы арқылы және электрондық нұсқада мемлекеттік қызмет көрсету бойынша белгіленген мерзімдерді бұзу деректеріне жол берілген жоқ.
Өтініш берушілер мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселесі бойынша  мемлекеттік органдарға жүгіну барысында құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жол бермеу мақсатында мамандар мемлекеттік қызметті алу үшін толық құжаттар жиынтығын жинау тәртібін түсіндіреді.

5. Бұдан әрі тиімділікті және мемлекеттік қызмет көрсетусапасыменқызмет алушылардың қанағаттану деңгейін арттыру басымдылықтары.

Жеке және заңды тұлғаларды бұдан әрі сапалы және қолжетімді мемлекеттік қызметтермен, оның ішінде электрондық нұсқадағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету мақсатында 2021жылы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халыққа мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорациясы арқылы және «электрондық үкімет» порталы арқылы алу мүмкіндігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізу, қолданыстағы заңнамаға сәйкес халыққа сапалы мемлекеттік қызметтер көрсету өз жалғасын табады. Мемлекеттік органдар мен қызмет алушылардың байланысын азайтуды қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін баламалы негізде мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетуге көшіру, рұқсат беру үдерістерін автоматизациялау және «Е-лицензирование» ЕЛ ММБ АЖ енгізу жөніндегі жұмыстар жалғастырылады.
Жалпы, 2021 жыл ағымындағы жұмыс қызмет алушылардың көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қанағаттану деңгейін арттыруға бағытталады.

Жаңартылған күні: 31.12.2020 13:25
Құрылған күні: 31.12.2020 13:25

Текст