Текст
1 қыркүйек-Білім күні! Кітаптар, гүлдер, достар, күлімсіреу, жарық мерекесі! Біздің мектептің есігі жаңа оқу жылын бастау үшін қайта ашылды! Дәстүр бойынша, 1 қыркүйекте біздің мектепте Білім күніне арналған салтанатты жиын өткізіледі.
1 қыркүйек мерекесі әрқашан ұмытылмас, қуанышты және сонымен бірге қызықты болып қала береді. Оқушылар мен мұғалімдерге 1 қыркүйекте ғана емес, мектепте өткізген барлық күндер де қуанышты болуын тілеймін. Жаңа оқу жылы барлығына жемісті және білімге, жаңалықтарға, шығармашылыққа және жетістіктерге бай болсын!