Текст
20 желтоқсанда қаңтар айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау басталады, ол 30 желтоқсанға дейін жалғасады. Бүгін біз түлектерге қаңтар айындағы ҰБТ тапсыру тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргіздік. Тіркелу кезінде тестілеушілер тестілеу өтетін орынды, күні мен уақытын таңдайды. ҰБТ-дағы пәндер саны өзгеріссіз қалды - үш міндетті және екі таңдау бойынша. ҰБТ-2024 бойынша тапсырмалар саны өзгеріссіз қалды – 120. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» бойынша 20 тапсырма, «Оқу сауаттылығы» бойынша 10 тапсырма, «Математикалық сауаттылық» бойынша 10 тапсырма және екі негізгі пән бойынша 40 тапсырма. Ең көп ұпай саны да өзгеріссіз қалды – 140 ұпай.