«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалармен дұрыс сөйлесуді үйреніңіз.

Жақсы әрекеттер үшін мадақтаңыз

Баланы, не үшін мақтағаныңызды айтып түсіндірсеңіз, бұл артық болмайды. Бала  анасын қуанту үшін не істеу керектігін жақсы есте сақтайды және оны мүмкіндігінше жиі жасауға тырысады. Мұндай жағдайларда оның еңбекқорлығын атап өту пайдалы болады: «Ыдысты  өзің  жуғаныңа,  мен өте қуаныштымын!»  немесе   «Сабаққа өзің отырып дайындалғаныңа, мен  өте қуаныштымын". Атақты тележүргізуші Оксана Федорова  «Біз,  ата-анамыз»  бағдарламасының бесінші санында балалардың тәуелсіздігін дамытуға және өмірлік қиындықтарды жеңуге күш табуға көмектесетін оң тәрбие принциптері туралы айтты.

Жазалау кезінде түсіндіріңіз

Бала не үшін жазаланатынын білуге құқылы. Егер сіз оны бұрышқа қойып, оған дауысыңызды көтерсеңіз, ол оған осылай қараудың себебін өзі іздейді. Көбінесе мұндай жағдайларда балалар өздерін жаман деп санайды, сондықтан жазалауға лайықпыз деп ойлайды . Баланы осылай тәрбиелейтін ата-аналар оның өзін-өзі бағалауын төмендетеді. Бала үшін ата – ана  үлгі, өнеге,  ал егер анасы немесе әкесі сен жамансын деп айтса, бұл дұрыс деп қабылдайды . Егер бала қандай да бір теріс қылық жасаған болса, оған бұл туралы айту керек, жақсысы : «Балалар тамақтанар алдында қолдарын жумаса маған ұнамайды»  немесе «Бір балаларды,  басқа балалар  ұрған кезде мен қатты қобалжимын» - деген,  сияқты  сөздерді  қолданған  жөн.

Жаңартылған күні: 21.02.2023 10:00
Құрылған күні: 21.02.2023 10:00

Текст