«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Білім қуанышы: балаға қуанышпен оқуға қалай көмектесуге болады.

Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмыс жоспары бойынша «Білім қуанышы: балаға қуанышпен оқуға қалай көмектесуге болады» тақырыбында сабақ ұйымдастырылды. Қатысушылар баланың мектепке бейімделуінің маңыздылығы туралы білді, есте сақтау,зейін,ойлауды дамыту әдістерімен танысты. 

 

Білімдіге дүние жарық. Танып білу қуанышы: сүйсініп оқу

 

Сабақтың мақсаты:мектептің оқу процесіне сәтті бейімделуі үшін балалардың когнитивтік дағдыларын дамытуға ата-аналардың дайындығын қалыптастыру.

 

Міндеттері:

1. ата-аналарды отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы орта құруға ынталандыру;

2. баланың мектепке бейімделуінің мәні мен ерекшеліктерімен таныстыру;

3. бастауыш сынып оқушыларының танымдық дағдыларының ерекшеліктерімен таныстыру;

4. баланың танымдық дағдыларын дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды практикада қолдану дағдыларын дамыту.

 

Ұлттық құндылықтар мен жеке қасиеттер:

Ынтымақтастық, ата-ана борышы, құрмет, жаңалық, білмекке құмарлық, креативтілік, прагматизм, эвристикалық, еркіндік.

 

Жоспар

I. Сәлемдесу. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.

II. Негізгі бөлігі.

1. Баланың жеке басын дамыту үшін мектепке бейімделуінің маңыздылығы (физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік).

a) Бейімделу түрлері.

b) Ата-аналардың сабаққа бейімделу деңгейін диагностикалау.

c) Балаларды диагностикалау бойынша ұсыныстар.

2. Баланың когнитивтік дағдыларын дамытудағы ата-ананың рөлі.

a) Ата-аналардың когнитивтік (танымдық) қабілеттерінің даму деңгейін диагностикалау.

b) Бастауыш сынып оқушыларындағы когнитивтік дағдылардың ерекшеліктері.

c) Баланың есте сақтау қабілетін, зейінін, ойлауын және қарым-қатынас жасауын дамытуға арналған тренингтер бойынша ұсыныс.

3. Проблемалық ахуал «Үй тапсырмасын орындау».

a) бейнероликті қарау;

b) сұрақтарды топтарда талқылау;

c) аудиторияда талқылау және чек-парағын әзірлеу.

III. Қорытынды. Қорытындылау, рефлексия.

 

Күтілетін нәтижелер

Соңында ата-ана мыналарды жасай алатын болады:

  1. Отбасында оқушы үшін психологиялық қолайлы ортаны құруды;
  2. Оның тұлғасын дамыту үшін баланың мектепке бейімделуі кезінде өзінің рөлін сезінуді;
  3. Бастауыш сынып оқушыларының когнитивтік дағдыларының ерекшеліктерін ажырата білуді;
  4. Балада танымдық дағдыларды дамыту үшін диагностиканы, тренингтерді, жаттығуларды  іс жүзінде пайдалану дағдыларын меңгеретін болады.
  5. Сабақтың ұзақтығы – 60 мин.
Жаңартылған күні: 06.03.2024 12:08
Құрылған күні: 06.03.2024 12:22

Текст