«Ақмола облысы білім басқармасының Есіл ауданы бойынша білім бөлімі Ковыльный ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Ковыльное отдела образования по Есильскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

    

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әрбір бала – жарық жұлдыз.

Әрбір бала – жарық жұлдыз

 

1. Ұлттық мәдениет дәстүріне сүйене отырып  ерік қасиеттер мен мінезді тәрбиелеу.

2. Темпераменттің оқу қызметіне, мінез-құлқы мен қарым-қатынасына әсері.

3.Баланың темпераментіне сәйкес оның ерекшелігін қалай ашуға болады.

4.Әр баланың ерекшелігін ашуда отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі.

 

Ауру қалса да, әдет қалмайды

 

Сабақтың мақсаты:

Ата-аналардың темпераментін, мәдени дәстүрлерді және мұғалімдермен өзара әрекеттесу мүмкіндіктерін ескере отырып, өз баласының ерекше қырларын ашуға дайындығын қалыптастыру.

 

Міндеттер:

  • Ата-аналардың өз баласының ерекше жақтарын дамытуға деген ынтасын арттыру.
  • Ата-аналардың балалар темпераментінің түрлері мен оларға сәйкес мінез-құлықтары туралы түсініктерін кеңейту.
  • Ата-аналарды мектеп педагогтерімен бірге баланың жеке басының күшті жақтарын анықтауға жәнедамытуғаүйрету.

 

Жоспар

 

I. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сәлемдесу
  2. Мақсаты менміндеттері

II. Негізгі бөлім

  • Жаттығу ойыны «Мыналар орнын ауыстырады...»
  • Ақпараттық топтама. Көшпенділер тәрбиесіндегі халық дәстүрлері. Кенен Әзірбаев. «Танисын» термесі: талқылау. «Көшпенділер» фильмінен үзінді көру.

 

Практикалық бөлім. «Темперамент» ұғымымен және оның түрлерімен таныстыру. Шағын пікірталас.

Темперамент сынағы, алдыңғы нәтижелермен салыстыру. «Аралас темперамент» түсінігі

Жаттығу ойыны «Біз қарсылықсыз дамимыз»: талқылау.

III. Қорытынды бөлім

PIXAR мультфильмі «Көшпелі бұлтты»: талқылау..

Мақтаойыны

 

Күтілетін нәтижелер

Сабақтың соңында ата-аналар:

  • Ұлттық мәдениеттегі балаларды тәрбиелеу дәстүрлерін біліп, өз баласының ерекшелігін ашу барысында ескеретін болады.
  • Балаға қолдау көрсету стратегияларын таңдаған кезде оның темпераменті және басқа да жеке ерекшеліктерін ескеретін болады.
  • Баланың жеке басының күшті жақтарын анықтау және дамыту үдерісінде мектеп мұғалімдерімен тиімді әрекеттеседі.

 

Қажетті ресурстар: презентация, бейнероликтер, бағандар, маркерлер, А3 және А4 парақтары, қаламдар

 

Жұмыс форматы: тренинг элементтері бар сабақ

 

Әдіс-тәсілдері: пікірталас, ми шабуылы, жаттықтыру жаттығулары

 

Сабақтың ұзақтығы – 60 минут.

 

 

 

 

 

Жаңартылған күні: 06.03.2024 12:22
Құрылған күні: 06.03.2024 12:29

Текст